Мұрат Амангелдіұлы Мансұров (7.05.1963, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылында туған) - мүсінші. Қазақ. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2006 жылдан). Ата-анасы Әкесі - Амангелді Мансұрұлы Ыбраев, марқым, профессор, математик. Анасы - Жанғалиева Мария, зейнеткер, оқытушы, ҚР ҒА ҒЗИ қызметкері болған.

Білімі Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1983) мүсінші мамандығы бойынша; В.И. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесін (1991) «Монументалды мүсін» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Шығармалары «Тәуелсіздік монументін» (Алматы қаласы, 1997), ҚР қаржы министрлігі ғимараты алдындағы жаңа алаңдағы «Өмір ағашы» мүсіндік композицияны (2000), «Қазақ елі» монументін (Астана қаласы, 2009) - жасаушы авторлық ұжымның қатынасушысы; «Қазақ хандығын қалаушы Керей мен Жәнібекке» - монументін жасаушы авторлық ұжымның жетекшісі (Астана қаласы, 2010). ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының жанындағы «Сот әділдігі монументінің» (1998), ҚазМЗУ ғимаратының жанындағы «Фемида» мүсінінің (Алматы қаласы, 2001), Бас прокуратура ғимаратыныңалыдындағы «Барыстар» мүсінінің (Астана қаласы, 2002), Оқушылар сарайына арналған Махамбет Өтемісұлы мүсіндік бюсінің (Астана қаласы, 2004), «Думан» сауық кешенінің ықшам сәулет-сәндік пішіндер мен мүсінінің (Астана қаласы, 2005), «Арай» паркіндегі ықшам сәулет пішіндер мен 16 жауынгердің мүсінінің (Астана қаласы, 2007), Жаңа көпірдегі «Арқарлар» мүсінінің (Астана қаласы, 2007), «Фемида» ҚазМЗУ жаңа ғимаратының алдындағы мүсіннің (Астана қаласы, 2008), «Астана-Бурабай» сәулеттік композицияның (2009), ҚР Еңбек сіңірген бапкері, Қазақ футболының негізін салған А.В. Хохманның барельефінің (2010) авторы. «Арай» ¥лттық мейрамханалық кешенінің алдында 1-ші кинетикалық (қозғалатын) мүсін орнатқан (Астана қаласы, 2008). «Джунгли» сауық кешенінің интерьерлерін сәнді безендірудің (Астана қаласы., 2006); Қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражайының (Ақмола облысы Ақмол ауданы, 2007) әзірлеушісі әрі орындаушысы.

Көрмелерде Республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары АҚШ, Израиль, Германия, Голландия мемлекеттерінің жеке коллекцияларында сақталуда.

Еңбек жолы 1996 жылдан - ҚР Көркемсурет қорының бас суретшісі. 2003-2007 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылдан бөрі - «Астана қаласы Сәулет және қала салушылық басқармасы» MM «Көркесуретті құю комбинаты» МҚК директорының бірінші орынбасары.

Ұйымдастырушылық қызметі «Мүсіндер паркі» Халықаралық жаңа астанаға арналған мүсін бойынша симозиумнің (Астана қаласы, 1998); Түркістанның 1500 жылдығына арналған мүсін бойынша симпозиумнің (1999); «Өнеркәсіптік мүсін және шағын сәулет пішіндері» 1-ші Республикалық симпозиумның (Астана қаласы, 2003), Халықаралық мүсін бойынша симпозиумнің (Павлодар қаласы, 2003), әлем деңгейіндегі өнертанушылар, тәлімгерлер мен мүсіншілердің тартылуымен 1-ші Халықаралық мүсін бойынша конференцияның (Астана қаласы, 2006) ұйымдастырушысы.

Қоғамдық жұмысы Астана қаласы ҚР Көркемөнер академиясының филиал директоры; ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1992 жылдан), ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі (1994 жылдан). ҚР ескерткіштер мен монументтерді қабылдау ҚР Мемлекеттік комиссиясының (2008), Қалалық көркем кеңесінің (Астана қаласы, 2010), Астана қаласы Суретшілер одағы басқармасының (2010 жылдан) мүшесі.

Марапаттары «Шабыт» фестивалінің лауреаты (1998). «Астана» медалімен (1998), ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2007) марапатталған. ҚР Президенттік стипендияның иегері (1997).

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Қализатова Айман Серікбайқызы (1972 жылы туған), медицина ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы Медициналық университетінде қызмет істейді. Қыздары - Мансұрова Әсел Мұратқызы (1987 жылы туған), Мәнсұрова Әнел Мұратқызы (1993 жылы туған), Мансұрова Меруерт Мұратқызы (2000 жылы туған); Ұлдары - Мансұров Мақсұт Мұратұлы (2003 жылы туған), Мансұров Арлан Мұратұлы (2005 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:7 мамырда туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Егіндібұлақта туғандар Санат:Алматы көркемсурет колледжі түлектері Санат:Санкт-Петербург жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесі түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан дизайнерлері одағы мүшелері Санат:Халықаралық Шабыт байқауының иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясы алтын медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегерлері