Тоқтасын Кенжеқанұлы Ерубаев - 1963 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының қарашілік ауылында туған. Хронологиясы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының гигиена, санитария және эпидемиология факультетін (1986) санитарлық дәрігер мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік салалардағы экономика факультетін (2002) экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылдан - ШҚО ¥лан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог-дәрігері. 1989 жылдың тамызынан - Семей облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық дәрігері, 1989 жылдың қарашасынан - коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі, 1990 жылдан - эпидемиолог-дәрігері, 1992 жылдан - эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі, 1996 жылдан- бас дәрігердің орынбасары. 1997 жылдың маусымынан - Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог-дәрігері, 1997 жылдың шілдесінен - эпидемиология бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдан - бастығының орынбасары, 2001 жылдың сәуірінен - бастық орынбасарының м.а., 2001 жылдың шілдесінен - бастығының орынбасары. 2003 жылдан - Өскемен қ. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы. 2005 жылдан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары. 2008 жылдың маусымынан - ШҚО Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары. 2008 жылдың қазанынан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы. 2009 жылдан бері - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар