Қарабас құрылыс тас кен орны - Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде орналасқан. 1949, 1954-1955, 1962 жылдары барланған. «Абай» темір-бетон бұйымдары зауыты пайдаланады.

Геологиялық құрылымы Кеннің геологиялық құрылысын антропоген шөгінділері көмкерген төменгі — орта девонның эффузивтік-кесекті кабаты құрайды. Пайдалы кабаты қышқыл, орта, аралас құрамды туфолавалардан түзілген.

Жатыс сипаты Қалыңдығы 8 м-ге дейін жететін кен кабаты үгілуден құмды-сазды материалға айналған негізгі жыныс болып табылады. Шағылып ұсақталған тас 300, 400 маркалы бетондарды дайындау шикізаты есебінде қолданылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары