Гүлшара Әбутәліпқызы Сарықұлова (15.06.1925 жыл, Сырдария аймағы, Шәуілдір ауданы) - Өнертану ғылымдарының кандидаты (1963). ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Қазақ.

Өмірбаяны Орта Азия мемлекеттік университетінің тарихи факультетінің өнертану бөлімін бітірген (Ташкент қаласы, 1953). 1953 жылдан - Т.Г. Шевченко атындағы Мемлекеттік көркемсурет галереясының ғылыми қызметкері. 1957 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігінің бірегей инспекторы. 1959 жылдан - ҚазКСР ҒА жанындағы Тіл білімі және әдебиет институтының аспиранты. 1961 жылдан - М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнері институтының бейнелеу және халықтың қолданбалы өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, 1971 жылдан 1990 жылдары - меңгерушісі.

Шығармашылығы Қазақстанның тарихында бірінші болып өнертану саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстандық өнертанудың ғылым ретінде дамуына негіз салды. Қазақстанның графикасы жайлы алғашқы монографиялық және жалпылама еңбектердің; «Евгений Сидоркин», «Антощенко-Оленев» кітаптарының; «Қазақстанның графикасы» іргелі монографиясының; Ә. Қастеевтің, С. Мәмбеевтің, С. Айтбаевтың және т.б. шығармашылығы туралы мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен «Қазақстанның бейнелеу өнері» (1963), «Қазақстанның бөйнелеу өнері тарихының очерктері» (1978) еңбектері, «Қазақстанның бейнелеу өнөрінің шеберлері» циклының кітаптары (1972, 1984) жарық көрді.

Қоғамдық қызметі ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

Марапаттары «Еңбектегі озаттығы үшін» медалі «Еңбек ардагері» медалі «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» медалі; ҚазКСР ҒА Президиумының мерейтойлық грамотасын; ҚазКСР Жоғары Кеңес Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасы Тұрмыста. Жұбайы - Арыстанбек Сатымбеков (1930 жылы туған), зейнеткер, ҰОС қатысқан, ҚР Еңбек сіңірген экономисі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Орта Азия мемлекеттік университеті түлектері Санат:Өнертану ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты түлектері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері