Махмұт Шәкәрімұлы Тойкенов (Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері). 1963 жылы 1 маусымда Семей облысы Мақаншы ауданының Бақты ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Тойке тегі Шәкәрім Ақшайықұлы, марқұм, молда болған. Анасы - Ералықызы Нағима.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1991) академиялық әнші, оқытушы мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын (2007) музыкалық театр режиссері мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылдан - Семей облысы Мақаншы ауданының «Шаған» кеңшарында суретші-безендіруші. 1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы халық әндерін оырндау кафедрасының оқытушысы, 1995 жылдан - аға оқытушысы. 1998 жылдан - Алматы қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің эстрадалық жеке ән орындау пәнінің оқытушысы. 1999 жылдан - «Көкіл» колледжі эстрадалық жеке ән орындау бөлімінің меңгерушісі (Алматы қаласы). 2000 жылдан – ҚР Президенттің Мәдениет орталығы директорының орынбасары. 2003 жылдан - К. Байсейітова атындағы Ұлттық oпepa және балет театры директорының орынбасары. 2009 жылдың маусымынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының бастығы.

Ұлдары - Тойкенов Нарұл Махмұтұлы (1985 жылы туған), Тойкенов Еренбақ Махмұтұлы (1987 жылы туған); қызы - Тойкенова Рахима Махмұтқызы (1996 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері