Елтайқора – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерінде орналасқан тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені - 8 км.

Жер бедері Ең биік жері 883 м. Беткейлері көлбеу, сай, жыра, аңғарлармен тілімделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлаққа бай, таудың оңтүстік етегінде құдық (терендігі 1 м. су шығымдылығы 144 л/сағ.) бар.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары