Қызылтау – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Қызылтау ауылынан батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Абсолюттік биіктігі 1091 м (солтүстігінде Қызылтау тауы).
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Жер бедері мен өсімдігі Беткейлері көлбеу, аз тілімделген. Аласа таулық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бетеге, қараған және т. б. өседі. Тау беткейі жайылымға пайдаланылады, аңғарында бірнеше қыстау және Кенесары құдығы бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары