Гүлнар Буважанқызы Зиятова (1976 жылы 4 қазанда Шевченко қаласында туған) — педагог, балетмейстер.
Өмірбаяны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін бітірген (2000), драма режиссері.
1994 жылдан 1995 жылдары - Ақтау қаласы №23 орта мектебінде қосымша білім беру педагогі.
2000 жылдан - Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драмалық театрында хормейстер.
2002 жылдан бері - Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бас балетмейстер.
Жеке өмірі Ұлты - Қазақ. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Қызығушылығы (хоббиі) - кино, балет, театр. Сүйіп оқитын әдебиеті - Омар Хайям, Шыңғыс АйтматовҚазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2.
Отбасы Әкесі - Зиятов Буважан, марқұм, өнеркәсіп саласында жұмыс жасаған.
Анасы - Зиятова Алма, үй шаруасында.
Тұрмыс құрмаған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан балетмейстерлері