Бахтияр Талапбекұлы Тәуірбеков (19 маусым, 1954 жыл, Павлодар қаласында туған) - суретші.

Өмірбаяны Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының көркем-сурет факультетін бітірген (1992), декоративтік-қолданбалы өнер суретшісі. 1992 жылдан жеке шығармашылық қызметпен айналысады. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Суретшілер Одағы төрағасының орынбасары (Алматы қаласы). 2009 жылдан бері - Қазақстан Суретшілер Одағының жауапты хатшысы.

Отбасы Әкесі - Тәуірбеков Талапбек Елеубекұлы, марқұм, облыстық прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Анасы - Тәуірбекова Нағима Жұмагелдіқызы, зейнеткер, облыстық драма театры труппасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Тәуірбекова Мария Пішембайқызы. Ұлдары - Тәуірбек Жанат Бахтиярұлы (1983 жылы туған), кадрлық әскери қызметкер; Тәуірбек Махамбет Бахтиярұлы (1985 жылы туған), «Центр Азии» журналының дизайнері; Қызы - Тәуірбек Ботагөз Бахтиярқызы (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:19 маусымда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:Алматы мемлекеттік көркем-театр институты түлектері Санат:Қазақстан суретшілері