Сарсынбай Әбуғалиұлы Абдоллаев 1954 жылы 8 маусымда РКФСР Астрахан облысы Камызяк ауданының Қарауыл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Абдоллаөв Әбуғали Есқалиұлы (1918-2000). Анасы - Абдоллаева Үміт Әбіжанқызы (1921-1999). В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина жасау факультетін бітірген (1985), инженер-механик. Экономика ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету». «Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру» монографиясының (2003), мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері тақырыбындағы 8 мақала мен жарияланымның авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1973 жылдан - КСРО 50-жылдығы атындағы кеңшарда гидротехник; Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - БЛКЖО Казымяк аудандық комитетінде нұсқаушы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1977 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Маңғышлақ облыстық комитеті қаржы-шаруашылық бөлімінің референті, меңгерушісі. 1983-1991 жылдары - «Каспий маңы кең-металлургия комбинаты» ӨБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инспекторы, аға инженері, тұрғын үй-коммуналдық басқарма бастығының орынбасары, режим-құпия бөлімі бастығының орынбасары. 1992 жылдан - «Қазақстан Коммерция» Республикалық сыртқы экономикалық қауымдастығы Маңғыстау филиалының директоры. 1993 жылдан бері - «Салют и К» ЖШС директоры. ҚР Каратэ-до федерациясының президенті. Орталық Азия елдері каратэ-до федерациясының президенті. Азия каратэ-до федерациясының құрметті консулы. Қазақстан Республикасы Құрметті спорт қайраткері (2006). «Құрмет» орденімен (2003); «Азияда каратэні дамытқаны үшін» алтын белгісімен (2005), «Маңғыстау облысы-на 35 жыл» Құрмет белгісімен (2009) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2005) ескерілген. Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Шыңғысхан. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлдену және дамыған қоғам». Хоббиі - каратэ-до. Сүйіп оқитын әдебиеті - халықтар тарихы. Үйленген. Жұбайы - Абдоллаева Любовь Николаевна (1952 жылы туған), «Салют и К» ЖШС бас бухгалтері. Қыздары - Әзиза (1979 жылы туған), Әмина (1982 жылы туған). Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Мәдениет