Гүлнафис Ғарифоллақызы Айтмұхамбетова (20.02.1988 жыл, РКФСР, Астрахан қаласы) - тхэквондашы, Қазақ.

Әкесі - Есдәулетов Жоламан Жалғасұлы, зейнеткер, ІІМ-нің отставкадағы майоры. Анасы - Кенжебаева Роза Қабдолқызы, Атырау облыстық әкімшілігі жалпы бөлім кеңсесінің бас маманы.

Қазіргі уақытта - X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінің студенті.

2009 жылдан - №1 ОРМБЖМ (Атырау қ.) таэквондо бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы. 2009 жылдан бері - Ш¥КД және ОР жанындағы таэквондодан ҚР Ұлттық құрамасының (Атырау қ.) құрамында. 2009 жылдан бері - Олимпиадалық резервті даярлау орталығының таэквондо бөлімінде спортшы-нұсқаушы, республикалық [«ҚР Таэквондо федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалында спортшы-нұсқаушы.

ҚР чемпионы; ҚР Кубогының жеңімпазы; шығыс жекпе-жегі бойынша Азия ойындарының чемпионы (Таиланд, 2009); ҚР Универсиадасының (Атырау қ.), Әлемдік универсиаданың (Сербия, 2009) жеңімпазы. ҚР спорт шебері (2009). Тэквондодан қара белбеу, 1 дан иегері. ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық әкімшілігінің грамоталарымен марапатталған.

Тұрмыс құрмаған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:1988 жылы туғандар Санат:Астраханда туғандар Санат:Қазақстан тхэквондошылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының тхэквондошылары Санат:Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Тхэквондодан Қазақстан чемпиондары Санат:Шығыс жекпе-жегінен Азия ойындарының чемпиондары Санат:Тхэквондадан Әлемдік Универсиада чемпиондары