Марғұлан Ержанұлы Әсембеков (13 желтоқсан 1983 жылhttps://www.iat.uni-leipzig.de/datenbanken/dbwrestling/daten.php?spid=20763AD10B89484D85E021363FEC7DCB Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басшы ауылында туған) — қазақстандық грек-рим балуаны.

Өмірбаяны Әкесі - Әсембеков Ержан Әсембекұлы. Анасы - Жақыпбекова Гүлсім.Қазақ туризм және спорт академиясының дене спорт және мәдениеті факультетін бітірген (2005), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1998 жылдан - грек-рим күресімен айналыса бастаған.

Спортшы, нусқаушы.

Жетістіктері

ҚР чемпионы (Алматы қ., 2003); 2 мәрте Азия чемпионы (Ухань қ., 2005; 2006); Азия чемпионатының - 3-орын (2003), Әлем кубогында - 2-орын (Алматы қ., 2003), (Иран, 2005) Азия чемпионатының 2 мәрте күміс және 2 мәрте қола жүлдегері (2008,2009; 2003, 2010). Грек-рим күресінен халықаралық кластағы спорт шебері. Әскери атағы - сержант. Діни көзқарасы - ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлеуметтік-экономикалық өсу». Хоббиі - ат спорты және аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары