Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз, 1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) — биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).

Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–1936). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2 Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–1949) инстиут директоры (1949–1953) Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–1959) Қазақстан ғылым академиясының Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–1970) болды. 1970 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–1980 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды. 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген.

Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев

Санат:15 тамызда туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Сырым ауданында туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Корнелл университетінің профессорлары Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі күміс медалінің иегерлері