Евгений Альбертович Ган (7.09.1952 жыл, РКФСР, Вологда облысы, Красавино қаласы) - өнертпақыш. Техника ғылымдарының кандидаты (1994). Неміс.

Әкесі - Ган Альберт Густавович (1913-2000). Анасы - Ган Мария Илларионовна (1912-1984).

С. Орджоникидзе атындағы Новочеркасск политехникалық институтын (1974) инженер-электр механик мамандығы бойынша бітірген.

80-нен астам жарияланымның авторы. 30 патенттің, оның ішінде 8-і РФ-нікі, 15-тен астамы ҚР алдын ала патентінің иегері.

1974 жылдан - эксперименттік базаның инженер-құрастырушысы, 1976 жылдан - құрастыру бюросының бастығы м.а., 1976 жылдан - дәнмен жұмысты механикаландыру зертханасының меңгерушісі, 1984-2001 жылдары - Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының (Астана қ.) директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан бері - «Астықты қайта өндеушілер мен наубайшылар одағы» ЗТҰ (Астана қ.) президенті.

«Ынтымақтастық» Ресей халықаралық орталығының «Ынтымақтастық жұлдызы» орденімен (2007); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен (2005); Ресей ұн тартатын және жармалық кәсіпорындар одағының «Нан өнімдері саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» озаттық белгісімен (2005) марапатталған.

Әскери атағы - запастағы капитан.

Үйленген. Жұбайы - Ган Анна Михайловна, зейнеткер. Қызы - Ган Инга (1974 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:7 қыркүйекте туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Красавинода туғандар Санат:Қазақстан немістері Санат:Новочеркасск политехникалық институты түлектері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан өнертапқыштары Санат:Ресей өнертапқыштары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты тұлғалары Санат:Ынтымақтастық Ресей халықаралық орталығының Ынтымақтастық жұлдызы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан капитандары