Ермек Мәлікұлы Құрманаев (7.08.1980, Алматы) - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. Қазақ.
Білімі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының оркестр аспаптары факультетін (2004) жеке орындаушы, оқытушы, ансамбль, оркестр әртісі мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (2007) бітірген.
Қызмет жолы
2004 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы 2009 жылдан бері - аға оқытушысы. 2004 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.
Жетістіктері Халықаралық конкурстардың лауреаты (Австрия, 1996; Польша, 1998; Франция, 2005; Ресей, 2009) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстанның алтын виолончелі (2006).
Отбасы Әкесі - Мәлік Жармаханұлы Құрманаев, Құрманғазы атындағы оркестрдің әртісі. Анасы - Толымбекова Әлия Дүйсебекқызы, үй шаруасымен айналысады.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:7 тамызда туғандар Санат:Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы түлектері Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Қазақ мемлекеттік филармониясы әншілері Санат:Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегерлері