Жұлдыз (2023 жылға дейін — Звёздное)Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Жұлдыз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Ертіс-Қарағанды каналы бойында, аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1980 жылы«Звезда» кеңшары ретінде қаланған. Шаруашылықтың мамандануының негізгі бағыты — көкөніс, сүт өндірісі, картоп шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 14,6 мың га.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен472308 213 69,2 159 108 67,9 149 105 70,5

Инфрақұрылымы Округ елді мекендерде пошта, орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынысады. Ең жақын темір жол стансасы - Шоқай 30 км жерде орналасқан. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері