Владимир Николаевич Котов - 1963 жылы 2 қаңтарда Қарағанды қаласында туған. Орыс.
Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1984), жаттықтырушы-оқытушы. Суға жүзуден КСРО спорт шебері (1983). Суға жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2006).
Жұмыс істей жүріп, суға жүзуден ҚР халықаралық санаттағы 3 спорт шеберін, суға жүзуден ҚР 14 спорт шеберін; сондай-ақ, суға жүзудeн әлем, Азия, ҚР чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері Рыжков Евгенийді тәрбиелеген.
Үйленген. Жұбайы - Котова Елена Анатольевна (1964 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. ұлдары - Котов Игорь (1985 жылы туған), Котов Илья (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Суда жүзуден КСРО спорт шеберлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары