Май - механизмдердің үйкелетін бөліктерін майлау үшін қолданылатын мұнай өнімі, немесе әр түрлі синтетикалық сұйықтар.

Барлық маусымдық май - жыл бойы тораптар мен афегаттарды немесе қозғағышты майлауға арналған май. Гипоидты май - жоғары үлесті салмақтары бар тісті беріліске арналған тозуға және ілініс қабаттасуға қарсы жоғары мүмкіндігі бар арнайы күштің берілістік май. Қысқы май - жылдың суық уақытында қозғағышты майлауға арналған төмен кинематикалық тұтқырлығы бар май (6-8 ССТ 100°С-де). Жазғы май - жылдың жылы уақытында қозғағышты майлауға арналған жоғары кинематикалық тұтқырлығы бар май (10-12 ССТ 100° С-де). Мотор майы - ішкі жану қозғағышқа арналған май. Күштік беріліс майы - қату температурасы аз және жоғары тұтқырлығы бар күштік берілістің агрегаттарына май.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт