Талдыманақа – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Ұлытау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 158 км. Су жинауы алқабы 3950 км2.
Бастауы Ақтау тауының оңтүстігінен басталып, Тоқты тауы тұсында Сарысу өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ірі салалары - Заимка, Өзен, Сұлуманақа, Көкпекті. Аңғары кең, тік жарлы, жайылмасының ені 300-400м. Жауын-шашын, қар суымен толысады. Көктемде тасиды, жазда иірім қарасуға бөлініп, кермектігі артады. Жайылмасы-шабындық, алабы-мал жайылымы. Жылдық орташа су шығыны сағасында секундына 0,25 текше м. Суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Сарысу су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері