Ынталы — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Ынталы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында, ши, жусан аралас, бетеге, боз, селеу, көде өскен тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен723529 729 137,8 262 367 140,1 267 362 135,6

Ауыл тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен, сондай-ақ, жанама кәсіп көздерімен шұғылданды. Шағын ауылда 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мал фермасы жұмыс жасады.

Ауылда екі соғыс ардагері, екі тыл ардагері, бес бірдей көп балалы - күміс алқа иегері, екі алтын белгі иегері болды. Шағын ауылда мәдениет ошақтары да, арнайы әкімшілік орындары да, бес бірдей шағын азық-түлік дүкендері жұмыс жасады.

Ауыз суына таудан келетін табиғи суды пайдаланса, егіншілікті атақты Жетісудың алғашқы өзені тебіндеген - Тентек өзені ауылдың мақтаныштарына айналып отырған байлық көзі болып табылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері