Сағынбек Игісінов (16.3.1937 жылы туған, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Алғабас ауылы) – медициналық ғылымдарының докторы, профессор (1992). Қырғыз республикасының еңбек сіңірген дәрігері. Ысты руынан шыққан.
Қырғыз мемлекеттік медицина институты және Қырғыз онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітіргеннен кейін осы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1966–68; 1978–2002); Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігі Бас басқармасының №4 ауруханасында онколог-дәрігер (1968–70), аға ғылыми қызметкер және меңгеруші (1970–74), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында аға оқытушы (1974–78), Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында онкология кафедрасының профессор (1992–2002) болды. 2002 жылдан Алматы медицина колледжі хирургия кафедрасының меңгерушісі және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері.
130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторыҚазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:16 наурызда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қырғызстанның еңбек сіңірген дәрігерлері Санат:Қырғыз мемлекеттік медицина институты түлектері Санат:Қырғыз онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина институты оқытушылары Санат:Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының профессорлары Санат:Алматы медицина колледжі оқытушылары Санат:Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері