Қалыңдықтарды саралау әдісі () — кенорын ауқымындағы тектоникалық бұзылыстардың сипатын анықтау әдісі. Ұңғыманың геологиялық қимасына тән қалындықтарды саралау шараларына негізделген бұл әдістің мәні төмендегідей: бұрғылау ұңғымасы қималарының тектоникалық бұзылыс белдемдеріндегі қалындық мөлшері осы белдемнен өзге өңірлердегі көрсеткіштеріне қарағанда артығырақ (қаусырма белдемінде) немесе кемірек (лықсыма белдемінде) болып шықпақ.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ