Өс - 1 айналмалы иінді күшті тасымалдамайтын, айналып тұратын, не айналмайтын шыбық іспетті тетік; 2. ерекше қасиеттерімен белгіленген сызық.
Айналу өсі - бұрылу мен айналудың кіндігі. Жол өсі - жол симметриясының бойлық өсі. Артқы өсі - көлік құралының қозғалыс бойынша соңғы өсі. Қисаю өсі - ортасынан өтетін айналу өсі, автомобильдің қисаюы кезінде шанақтың айналу ортасы. Алдыңғы өс - көлік құралдарының қозғалысы бойынша бірінші өс. Бойлық өс - көлік құралының симметрия жазығында жататын горизонталь өс. Жүріп өту бөлігінің өсі - жүріп өту бөлігіндегі симметрия өсі. Аралық өс- көлік құралының алдыңғы және артқы өстерінің арасында орналасқан кез келген өс. Симметриялық өс- 180°-қа айнала бұрылған соң симметриялық фигура кеңістікте бұрылысқа дейінгі күйіне оралатын өс. Жұпталған өс - аралығы 1 м-ден аспайтын тіркеменің немесе жеңіл автомобильдің екі өсі. Көлік құралының өсі- көлік құралының түзу сызықты қозғалысындағы дөңгелегінің айналу өсі; бір өсте бір немесе екі және көп дөңгелектері болады. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт