Қойнауқатты гидравликалық жарғылау. Мұнай өндіру ұңғымасы оқпанына жапсарлас орналасқан өнімді қойнауқатты жасаңды тұрде жарғыштау арқылы, яғни мұнайлы қойнауқатта жарықтар мен жарықшақтар мөлшерін жасанды түрде молайту нәтижесінде ұңғыма дебитін арттыру әдісі. Ұңғыма оқпанына өте жоғары қысыммен тұтқыр сұйықтар айдау нәтижесінде жүзеге асырылады, мұның нэтижесінде ұңғыма оқпанына жапсарлас қойнауқаттарда жарықтар мен жарықшақтар қалыптасады немесе бұрыннан бар жарықшақтардың кеңи түсуі қамтамасыз етіледі. Осылайша қалыптасқан жарықтар мен жарықшақтарды олардың өн бойына құмдарды немесе өзге де материалдарды нығыздай енгізу арқылы сақтап қалу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігі туады. Синонимі — "сұйықпен жарғылау ".Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ