thumb Лизунова атындағы көше - Көшеге әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ғылым қайраткері Евгения Васильевна Лизунованың (1926-1993) есімі (Алматы қаласы мәслихатының 24.12.2003 Ме 27 шешімі мен Алматы қаласы әкімшілігінің 26.12.2003 # 5/765 қаулысы) берілген. Ол - қазақ әдебиетін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ғалым. Орналасқан жер Көше Әуезов ауданында орналасқан. Қасым Шәріпов көшесінен басталып, Шорманов көшесіне дейін созылып жатыр.

Бұрынғы атаулары: а) 26-шы көше; ә) Садовая көшесі.

Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері