right|thumb|Мұхамеджан Тынышбаев Көшеге қазақтың ардақты ұлы, тұңғыш қазақ инженері, Алаш көсемдерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, сталиндік репрессияның құрбаны, Мұхамеджан Тынышбаевтың есімі (1991 жылы) берілген. Тынышбаев Мұхамеджан (1879-1937) Алматы облысында дүниеге келген. Ол 1907 жылы Екінші Мемлекеттік Думаның депутаты, 1917 жылы Алашорда мүшесі, 30-шы жылдары Түрксіб құрылысын басқарған.
Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Сейфуллин даңғылы, Ержанов, Чехов көшелерімен қиылысады. Бұрынғы атаулары - Шевченко, Шверник көшелері.
Көшенің ұзындығы - 1120 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері