ас-Сирр - құпия, жасырын деген мағыналарды білдіреді. Сопылықта: Хақтан басқасы білмейтін; Хақпен құл арасындағы құпия; сырдың сырына да құпия; рух сияқты адамның тәніне орналастырылған нәзік нәрсе; сыр рухтың рухы, әулиелерден басқасы сезіне алмайтын сопылық сезім-танымдар. ас-Сирр көңілдегі нәзік перде. ас-Сирр болмаса жан ешнәрсеге қабілетсіз болады. Сопылықта тариқат сырын бөгделерге ашуға болмайды. Өйткені, басқа біреу сопылық дәстүрге бойлай алмағандықтан қате түсінікте болуы ықтимал.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Дін Санат:Ислам