Бақыт Ысқақұлы Сералиев (28 тамыз, 1950 жыл, Ақтөбе қаласында туған) - тарихшы, суретші, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы директоры (2008 жылдан).

Өмірбаяны Әкесі - Сералиев Ысқақ Ермағамбетұлы. Анасы - Сералиева Хадиша Бымашқызы. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1988), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. 1975 жылдан - Республикалық халық қолданбалы өнері мұражайының экскурсия жүргізушісі. 1976 жылдың мамыр айынан - аға ғылыми қызметкері. 1976 жылдың шілде айынан - ежелгі және қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі. 1977 жылдың шілде айынан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі бейнелеу өнері және ескерткіштерді қорғау бөлімінің аға инспекторы. 1977 жылдың желтоқсан айынан - бейнелеу өнері және ескерткіштерді қорғау бөлімінің жетекші инспекторы. 1980 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Көркем көрмелер дирекциясының директоры. 1988 жылдан - ҚазКСР Дизайн қорының директоры. 1989 жылдан - Қазақстан Сәулетшілер одағы «Архфонд» шығармашылық өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1990 жылдан - «Алтын Алма» мәдени-коммерциялық орталығының директоры. 1994 жылдан - Алматы қалалық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 1997 жылдан - М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы директорының орынбасары. 1998 жылдан - саябақ директоры (Алматы). 1999 жылдан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің Көрмелер мен аукциондар дирекциясының директоры. 2002 жылдан - бас директорының орынбасары - ҚР-нан мәдени құндылықтарды шығару және мәдени қундылықтарды ҚР-на кіргізуді бақылау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы. 2005 жылдан - Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары. 2008 жылдан бері - мұражай директоры. Марапаттары Үкіметтік сыйлықтар «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі «Мәдениет қайраткері» белгісі ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Өмірбаяны Үйленген. Жұбайы - Қалқабаева Гүлнәр (1952 ж. т.), дәрігер. Ұлдары - Рүстем (1982 ж. т.), Сұлтан (1991 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:28 тамызда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Ақтөбеде туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері