Әлімхан Ермеков көшесі (Астана) - Бұрынғы атауы Светлый көшесі. Ә. Ермеков көшесі Құмбел, Ай-Таңсық, Ж. Шәрденов, Қараөткел, Темірқазық, Н. Оңдасынов, Алпамыс батыр, Е. Тайбеков көшелерін қиып өтіп, Қарасақап Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 899,5 м. Әлімхан Ермеков (1891-1970) — қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым. 1921 жылы Томск технология институтын бітірген. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған. Ол қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Санат:Астана көшелері Сыртқы сілтемелер
Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы