Мөлию. Көзін сатып, жалынышпен телміру сияқты қалыпты осы сөзбен де ұғындырамыз. «Жамал болса, мөлиіп саған қарайды» (Т. Жанкелдин, Сын.).
Қырғыз тілінде мөлүй — жалына, кешірім сұрай қарау мағынасында айтылады. Қазақ тіліндегі мағынамен бірдей.
«Мөлию» сезінің шыққан тегі моңғол тілі екенін дәлелдейтін дерек мынадай. моңғолша «мэлмий» тұлғасы біздегі «көз» мағынасында қолданылады . Сөз түбірі «мелмий» болса, моңғол тілінде осы түбірден ербіген «мэлрэх» (қазақша — көзін сату), «мэлийх» (көзі жаудырау) сияқты туынды сөздерді де кездестіреміз. Дәл осы соңғы сөздердің негізінде қазақ тіліндегі «мөлию» етістігі пайда болған. Демек, қазақ, қырғыз тілдеріне моңғол тілінен ауысқан.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер
Санат:Лингвистика