Бұрынғы атауы Челябинский көшесі. Ақшағыл көшесі Кентау көшесінен басталып, Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық көшелерімен қиылысады. Ұзындығы -580 м. Ақшағыл - Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан полиметалл кен орны. Бұл жерден 1834-1938 жылы орыс және шетел концессионерлері мыс, қорғасын, мырыш өндірген. Кен орны Балқаш көлінен солтүстікке қарай созылған Тасарал - Қызылеспе антиклинориясының шығысын алып жатыр.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері