Теректі — Ұлытау облысы Жезқазған қаласына қарайтын Кеңгір ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
Географиялық орны Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде, 1939 жылдан іске қосылған темір жол бойында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 582 адам (292 ер адам және 290 әйел адам) болса, 2009 жылы 462 адамды (240 ер адам және 222 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 295 адамды (163 ер адам және 132 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
132 оқушы оқитын орта мектеп, пошта байланысы бар. Тұрғындар темір жолдан басқа егін егіп, мал өсіру мен айналысады. Орталық Қазақстан өңіріндегі тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші Теректі Әулие темір жолы стансасынан 20 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Жезқазған қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері