Құрғақ тілінді материалдарды шетжақтайтын, сұрыптайтын және дестелейтін тізбектер - тілінді материалдар кептірілгеннен кейін қажетті өлшемдерге соңғы рет шетжақтайтын, қималарына қарай сұрыптайтын және тасымалдауға арналған дестелерді қалыптастыратын тізбектер. Өңделетін тілінді материалдардың өлшемдері: қалыңдығы 16 ... 100 мм, ені 75 ... 300 мм, ұзындығы 2,0 ... 7,0 м. Кептірілетін дестелердің өлшемдері: ұзындығы 6,8 м-ге дейін, ені 1,35 м-ге дейін, биіктігі 1,3 м-ге дейін. Тасымалданатын дестелердің өлшемдері: ұзындықтары 6,6 м-ге дейін, ені 1,35 м-ге дейін, биіктігі 1,30 м-ге дейін.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер