Ерболат Бейсембекұлы Каргин (1964 ж. т.) - Қаражал қаласының әкімі (2004 жылдан бастап), тау-кен инженері.

Қарағанды политехника институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген (1993). Еңбек жолын 1984 жылы «Дубовка» шахтасында жер асты электр слесары болып бастады. 1997 жылдан Қарағанды қ. Совет ауданы әкімі аппаратының бас маманы ПИК-термен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Қарағанды қ. құрылыс, архитектура ТКШ пайдалану және реформалау ісі жөніндегі басқарманың бастығы. 2001 жылдан «Жәйрем кен-байыту комбинаты » АҚ әлеуметтік даму және жалпы мәселелер бойынша директоры. 2004 жылы Қаражал каласының әкімі болып тағайындалды.

Санат:1964 жылы туғандар Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қаражал әкімдері