Сабырқожа бөген — Сабырқожа өзені бойындағы су айдыны. Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы «Восход» кеншарының жерін суландыру мақсатында 1956 жылы салынған, Николаевка ауылынан шығысқа қарай 4 км жерде.
Гидрологиялық сипаты Деңгейі толған кездегі ауданы 56 га, суының көлемі 1,89 млн м³. Бөгеннің ұзындығы 1100 м-ден астам, ендірек бөлігі 900 м, ең терең жері 10,5 м. Бөгенде шортан, алабұға т.б. балықтар кездеседі. Суы ащы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы