Перри Андерсон (1938 жылы) — британдық әлеуметтік теоретик және тарихшы. Ол Маркс пен Вебердің теориялары арасында диалог жүргізеді. Еуропаның капитализмге өтуінің айырықша жолына ежелгі мен феодализмнің өзара байланысы әсер етті деген қорытынды жасайды. Андерсон бұл ойын еуропалық және еуропалық емес қоғамдардың дамуын егжей-тегжей талдау арқылы дәлелдеді. Андерсон ілімінің ерекшелігі әлеуметтік даму туралы түсінікті талдауда марксизм мен веберлік ілімдерді біріктіру тәсілін қолдануында.

Негізгі еңбектері: "Батыстың марксизм туралы ойлары" "Тарихи материализм жолдарында" "Ағылшын марксизмі туралы көзқарастар" "Ежелгілікген өту" "Абсолюттік мемлекеттің пайда болуы".Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания тарихшылары Санат:АҚШ тарихшылары Санат:Әлеуметтанушылар Санат:Ұлыбритания әлеуметтанушылары Санат:АҚШ әлеуметтанушылары Санат:XX ғасыр әлеуметтанушылары Санат:Саясаттанушылар Санат:АҚШ саясаттанушылары Санат:Марксизм теоретиктері