Болат Ажақайұлы Сембин (12 наурыз, 1944 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы) - Заң ғылымдарының кандидаты (2001).

Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969), заңгер. 1969 жылдан - тергеуші, Гвардия ауданының прокурорының көмекшісі; 1972 жылдан - Киров ауданының прокуроры; 1981 жылдан - Торғай облыстық прокурорының орынбасары. 1985 жылдан - Қарағанды облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 1987 жылдан - Торғай облысының прокуроры. 1988 жылдан - Алматы көлік прокуроры. 1990 жылдан - ҚР Бас прокурорының орынбасары. 1993 жылдан - Қазақстан көлік прокуроры. 1994 жылдан - ҚР Бас прокуратурасының Кадрлар, қаржылық және шаруашылық қызмет Бас басқармасының бастығы. 1995 жылдан - ҚР бас прокурорының орынбасары. 1997 жылдан - Талдықорған облысының прокуроры. 1998 жылдан - Алматы қалалық Әділет басқармасы Сот орындаушылары департаментінің директоры. 2000 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құқық институты директорының орынбасары; ҚазМЗА-ҚазМЗУ проректоры. 2001 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті Ұлттық құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры; «ҚазГЗУ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2008 жылдан бері - «ҚазГЗУ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Заң саласындағы қызметтері Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Басты сот талқылауындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі прокурордың қылмыстық-процессуалдық қызметі». Профессор. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы. «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңдарын әзірлеуге қатысқан.

Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені Қазақстан Республикасының Президентінің Алғысы Қазақстан Республикасы Прокуратурасының Құрметті қызметкері. 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Отбасы Тұл ер. Ұлы - Асқар (1972 жылы туған); қызы - Айжан (1974 жылы туған). 3 немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:12 наурызда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Торғай облысының прокурорлары Санат:Қазақстан прокурорлары Санат:Талдықорған облысының прокурорлары Санат:Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессорлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкерлері