Жанқуат Әбілғалиұлы Әбілғалиев 1948 жылы 26 ақпанда Гурьев облысы Ембі ауданының Қүлсары кәсіпшілігінде туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1973) «Мұнай мен газ кен орындарының геологиясы және оларды барлау» мамандығы бойынша бітірген. 1973 жылдан - ҚазКСР ГА Геология ғылымдары институтының мұнай және газ бөлімінің инженері, аға инженері, кіші ғылыми қызметкері. 1980 жылдан - Алматы облыстық кәсіподақ кеңесінің ендірістік белімінің нұсқаушысы. 1982 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы. 1985 жылдан - Алматы қаласындағы Мәскеу аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті терағасының орынбасары. 1988 жылдан - КСРО Ғылыми және инженерлік қоғамдары одағының Алматы басқармасының хатшысы. 1991 жылдан - «КРАМДС ЖАБДЫҚТАУ-ӨТКІЗУ АҚ вице-президенті. 1993 жылдан - «Игілік-Банк» Акционерлік Банкі басқармасының бастығы. 1996 жылдан - ҚР Кеден комитетінің басқармасының бастығы, департаментінің директоры. 1997 жылдан - ҚР Кеден комитетінің Кеден транссервисінің» бас директоры. 1999 жылдан - «ҚазПэк БК коммерциялық директоры. 2001 жылдан - «Ембі Транс ЖШС директоры. 2004 жылдан- «Каспий Мұнай ТМЕ ЕАҚ бас инженерінің орынбасары. 2006 жылдан Каспий Мұнай ТМЕ» АҚ вице-президенті. 2007 жылдан - «Мұнайлы Қазақстан» ЖШС техникалық директоры, директоры 2008 жылдан бері - «Бейбарыс Мұнай» ЖШС бас директоры. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1948 жылы туғандар