Бенфика () — Лиссабон қаласындағы португал футбол клубы.

Тарихы thumb|Косме Дамиан - Бенфиканың алғашқы бапкері thumb|Бенфиканың алғашқы құрамасы (1904 жыл)

Клуб «Real Casa Pia de Lisboa» колледжінің 24 адамнан тұратын әуесқой футболшылар тобының 1904 жылдың 28 ақпанында «Farmacia Franco» дәріханасындағы жиналысынан кейін құрылған. Олардың ішінде Косме Дамианда болған. Алғашында клуб «Лиссабонның спорттық ұйымы» атымен аталды, бірақ 1908 жылы «Бенфика спорттық ұйымымен» қосылып сол клубтың атын алды. Жаңа клуб екі спорттық ұйымының эмблемасы мен түстерінің қосындысы болды.

thumb|Бенфика құрамы (1922 жыл)

1920 жылы «Бенфика» клубын бірнеше ойыншысы тастап кетіп, сол ойыншылар «Белененсиш» деген атаумен жаңа клуб ашады. 1933 жылы клуб «Спортинг» және «Порту» клубтарымен бірге Португалияның кәсіпқой клубтар арасындағы чемпионатының негізін салушы атанады. Чемпионаттың алғашқы алтынын клуб 1936 жыл алады.

1940-шы жылдары Португалия чемпионаты «Бенфика» мен «Спортинг» арасындағы чемпиондыққа талас ретінде тарихта қалды.

Алтын ғасыр (1960—1970) thumb|Эйсебио - 1965 жылғы Алтын доп иегері thumb|Жозе Агуаш - Еуропа Чемпиондар Кубогының екі дүркін жеңімпазы Клубтың алтын ғасыры 1960-шы жылжарға келеді. Бұл кезеңде клубта белгілі португалиялық футболшылар - Мариу Колуна и Эйсебио ойнаған. 1961 жылы «Бенфика» алғаш рет Еуропа чемпиондар Кубогының финалына шығып, жеңіске жетеді (Барселона ФК 3:2). 1962 жылы финалда мадридтық «Реалды» жеңіп(есеп — 5:3) клуб Кубокқа екінші рет қол жеткізеді. Бұдан кейін «Бенфика» Чемпиондар кубогының финалына үш рет жетіп, барлығында жеңіледі («Миланнан» 1963 жылы, «Интерден» 1965 жылы және «Манчестер Юнайтедтен» 1968 жылы). 1960-шы жылдары клуб 8 рет чемпионатты және 3 рет Португалия кубогін жеңеді.

Гуттманн қарғысы

thumb|Бела Гуттманн (1966 жыл) Гуттманн 1962 жылы «Бенфикамен» үш маусымда үш бірдей ел чемпионаты мен сол кездегі белді турнирдің бірі Еуропа чемпиондарының кубогын (қазіргі ЧЛ) 2 рет ұтып алып, басшылықтан сол еңбегі үшін өз жалақысына үстеме қосылуын сұрайды. Алайда басшылық тарапынан талабы қабылданбай, соған ренжіген бапкер клубтан кетерде:

қарғысын айтады. Бұл қарғыстан кейін «Бенфика» ЧЛ-ның финалына 5 мәрте шығып, барлығын да ұтылады. «Бенфиканың» қарғысынан құтылу үшін, яғни 1990 жылғы ЧЛ-ның финалындағы Миланмен өтер ойын алдында атақты португалиялық ойыншы Эйсебио Гуттманның қабірінің басына барып кешірім сұраған, алайда бұл клубқа еш көмек болмайды, «Бенфика» тағы да жеңілді.

1970—1994 жылдар 1970-шы жылдары «Бенфика» ішкі чемпионатта ешкімге дес бермейді (6 чемпионатты және 2 кубокты жеңуі), алайда еврокубоктарда ешқандай жетістіктерде жетпейді.

Клубтың жаңа жандануы 1980-шы жылдары швед Свен-Еран Эрикссон бапкерінің басшылығымен келеді. Клуб оның басшылығымен екі рет ұлттық чемпионатты (1983 және 1984), Португалия кубогын жеңеді және УЕФА Кубогының финалына дейін жетіп, финалда бельгиялық «Андерлехтке» ұтылады. Бұдан кейін клуб екі рет чнмпионатты (1987 және 1989) жеңеді және екі рет Еуропа Чемпиондар Кубогының финалына дейін жетеді. 1990-шы жылдар басында клуб ішкі чемпионатта чемпиондыққа «Порту» клубымен таласады.

Қаралы күндер (1994—2003) 1994-2003 жылдар арасы клубтың тарихына қаралы күндер ретінде кірді. Бұл жылдары клуб ешқандай титулдар жеңе алмай, тек қана қарыздар жинаумен болды.

Жаңа ғасыр (2004—…) 2004 жылы клуб Хосе Антонио Камачо басшылығымен кубокты жеңеді. Бұл сәтті кезең тек қана Миклош Фехер шабуылшысының футбол алаңында қайтыс болуы ғана қаралады.

2005 жылы «Бенфика» Джованни Трапаттони басшылығымен 11 жылдан кейін Португалия чемпионатында жеңіске жетті.

2009 жылы клуб Лига Кубогының финалында «Спортингті» пенальтиден жеңеді.

2010 жылы Жорже Жезуш басшылығымен клуб Португалия чемпионатын және Лига Кубогын жеңеді.

Дербилер Клубтың басты қарсыластарымен ойындары дербиге айналған. Бұлар: «Порту» клубымен ойын - Классико (порт. O Clássico) және «Спортинг» клубымен ойын - Лиссабондық дерби (порт. Derby de Lisboa).

Жанкүйерлері «Бенфика» Португалияның ең белгілі клубы болып саналады. «Бенфика» әлемде жанкүйерлер санынан «Манчестер Юнайтед» клубынан кейін екінші орында. Клуб жанкүйерлерінің екі үлкен тобы «Diabos Vermelhos» және «No Name Boys» бір-бірімен қиын қарым-қатынаста. Клуб жанкүйерлері «Наполи» және «Хайдук» клуб жанкүйерлерімен жақсы қарым-қатынаста. Клуб жанкүйерлерінің басты жауы - «Порту», «Спортинг», «Брага» және «Атлетико Лиссабон» жанкүйерлері болып саналады.

Жетістіктері

Ұлттық титулдар Лига Сагреш (рекорд) Чемпион (38): 1935/36, 1936/37, 1937/38, 1941/42, 1942/43, 1944/45, 1949/50, 1954/55, 1956/57, 1959/60, 1960/61, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1974/75, 1975/76, 1976/77, 1980/81, 1982/83, 1983/84, 1986/87, 1988/89, 1990/91, 1993/94, 2004/05, 2009/10, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2018/19, 2022/23 Күміс жүлдегер (27): 1943/44, 1945/46, 1946/47, 1947/48, 1948/49, 1951/52, 1952/53, 1955/56, 1958/59, 1965/66, 1969/70, 1973/74, 1977/78, 1978/79, 1981/82, 1985/86, 1987/88, 1989/90, 1991/92, 1992/93, 1995/96, 1997/98, 2002/03, 2003/04, 2010/11, 2011/12, 2012/13 Қола жүлдегер (15): 1934/35, 1938/39, 1950/51, 1953/54, 1957/58, 1961/62, 1979/80, 1984/1985, 1994/95, 1996/97, 1998/99, 1999/00, 2005/06, 2006/07, 2008/09

Португалия Кубогы (рекорд) Жеңімпаз (28): 1930, 1931, 1935, 1940, 1943, 1944, 1949, 1951, 1952, 1953, 1955, 1957, 1959, 1962, 1964, 1969, 1970, 1972, 1980, 1981, 1983, 1985, 1986, 1987, 1993, 1996, 2004, 2014 Финалисті (10): 1938, 1939, 1958, 1965, 1971, 1974, 1975, 1989, 1997, 2005, 2013

Португалия Лига Кубогы (рекорд) Жеңімпаз (5): 2009, 2010, 2011, 2012, 2014

Португалия Суперкубогы Жеңімпаз (5): 1980, 1985, 1989, 2005, 2014 Финалисті (11): 1981, 1983, 1984, 1986, 1987, 1991, 1993, 1994, 1996, 2004, 2010

Дүниежүзілік титулдар

Еуропа Чемпиондар Кубогы / УЕФА Чемпиондар лигасы Жеңімпаз (2): 1961, 1962 Финалисті (5): 1963, 1965, 1968, 1988, 1990

УЕФА кубогы / Еуропа лигасы Финалисті (3):1983, 2013, 2014

Құрлықаралық Кубок Финалисті (2): 1961, 1962

Кішкене Әлем Кубогы Жеңімпаз (1): 1965

Басқа титулдары Латын Кубогы Иегері (1): 1950

Иберия Кубогы (рекорд) Иегері (1): 1984 Финалисті (3): 1991

Эйсебио Кубогы (рекорд) Иегері (3): 2009, 2011, 2012 Финалисті (3): 2008, 2010, 2013

Сілтемелер Санат:Португалия футбол клубтары Санат:1904 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Бенфика ФК