Ақжол, Қасқыржол – Шығыс Ақтаудағы Құрқапы және Тұзбайыр соры аралығындағы аласа келген жота.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Үстіртке жақындаған сайын және Қайдақ сорына қарай аласара береді. Қайдақ беткейі 10 – 16 км-ге созылған және сайлармен тілімденген. Оңтүстігінде беткейі тік, солтүстігінде беткейінің шөбі сирек.

Өсімдігі Топырақ құнарлығы аз, оңтүстігінде шөптесін өсімдіктер көбірек өседі.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары