Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов (1962, Жамбыл облысы) ҚазМҰ-ді бітірген. (1985) Заң ғылымдарының докторы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. 1985 жылы-М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде тәжірибе жинақтау, зерттеуші, 1986 жылы мемлекетттік институттың және ҚазКСР ҒА заң ғылымдарының аспиранты. 1990 жылы ҚазКСР заң Ғылымдар Академиясы мен Мемлекеттік институттың кіші ғылыми қызметкері. 1992 жылы Мәскеу Жоғарғы экономикалық кеңесінің жанындағы «Қазақстан сервис» сыртқы сауда-саттық компаниясының бас директорының орынбасары. 1994жылы Қазақстанның ГФР, Аустрия республикаларындағы тауар өкілінің орынбасары. 1996 жылы «Қазақстанәуежолы» мұнай компаниясының сыртқы байланыстар вице - президенті. 1997 жылы ҚР мемлекеттік комитетінің инвестициялар бойынша келіссөздер жүргізу және жобаларды бағалау дирекциясының менеджері. «ҚазақОйл» мұнай компаниясы заң департаментінің директоры, құқықтық-сараптама бөлім меңгерушісі, 1999 жылы -құқықтық тәртіп, қорғаныс, заң шығару бөлімдерінің меңгерушісі 2000 жылы-ҚР премьер-Министр канцелчриясының заң бөлімі меңгерушісі. 2002 жылы-«ҚазТранс Ойл» ЖАҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы АҚ басқару директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар