Котаро Такамура ( Такамура Котаро, 13 наурыз 1883 жылы Токиода туған — 2 сәуір 1956 жылы Токиода қайтыс болған) — жапон ақыны және мүсіншісі. Атақты мүсінші Такамура Коунаның ұлы. Оның қолтумалары тікелей батыс, еуропалық мектептің, әсіресе Огюст Роденнің ықпалынан туды. Кейбір туындыларында жапондық дәстүрлі стиль байқалады. Поэтикалық шығармаларының жинағы «Тиэкодан таңдамалы жинақтары» 1941 жылы жарық көрді. Жинақ 1938 жылы қайтыс болған әйелі ақын Тиэко Такамураға арналған.Долин А.А. Новая японская поэзия. М.: Наука. Главная редакция восточной литературы.1990.- По именному указателю. ISBN 5-02-016533-6

Дереккөздер

Санат:Жапон ақындары Санат:Жапон мүсіншілері Санат:1883 жылы туғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар