Аршалы — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы кент, аудан (1935 жылдан) және Аршалы кенттік әкімдік орталығы.

Географиялық орны Астана қаласының оңтүстік-шығысында 70 км жерде, Есіл өзенінің Арнасай бөгеніне құятын жерінде орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 5,4 мың адам (2003); 6,5 мың адам (2012).

+ Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен7051 7888 111,9 3395 4085 120,3 3656 3803 104

Тарихы Іргесі 1890 жылы қаланған. 1922 жылға дейін "Борисовка", одан кейін "Вишневка" деп аталып келді. 1998 жылы тарихи аты қайтарылып берілді.

Кәсіпорындары Аршалыда темір-бетон, шпал, 23 қиыршық тас з-ттары, құрылыс материалдары комбинаты, май зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету үйі, баспахана жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі балалар мекемелері, 2 орта, 2 бастауыш, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, оқушылар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйлері, 2 кітапхана, кинотеатр, клуб, ауданы аурухана, емхана, дәріхана, т.б. бар. Аршалы арқылы Алматы — Екатеринбург темір жолы және автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Аршалы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері