Әулиекөл — ауыл, Қостанай облысы Әулиекөл ауданыны және Әулиекөл ауылдық округі орталығы. 1997 жылға дейін "Семиозёр" аталып келді.

Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 11552 адам (5550 ер адам және 6002 әйел адам) болса, 2009 жылы 11692 адамды (5595 ер адам және 6097 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1897 жылы қаланған. Май, нан, сыра, ұн-жарма зауыттары, т.б. бар.

Атауының тарихы Ежелгі тарихи мекен. Осы жерде жеті көлдің болуына байланысты орыс мұғажырлары Әулиекөлді "Семиозерный" деп атап кеткен. Әулиекөл аталуы өткен ғасырларда "ауыл ортасындағы айна көлдің бірі сарқырай ағып, жер астына сіңіп кетіпті де, үш күннен кейін қайтадан пайда болыпты" деген ел аузындағы аңызға байланысты. Киелі Әулиекөл даңқты адамдарымен де белгілі. Мұндағы Құсмұрын бекінісінде Шоқан Уәлиханов дүниеге келген. Әулиекөл мектебінде 19 ғасырдың аяғында Ахмет Байтұрсынұлы сабақ берген. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Семиозерный ауданы Әулиекөл ауданы болып өзгертіліп, тарихи мекен атауы қалпына келтірілді.

Дереккөздер

Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері