Әбдіров Нүркен

Әбдіров Нүркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата-анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын алған. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмтыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді.

Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267-ші әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.

Нұркен Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мүқият орындап отырды.

Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп, қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."

Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.

1942 жылғы желтоқсанның 19-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш, әрі байланысшы Александр Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков-Пономарев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.

Жау оғы ұшаққа тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған түсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған ұшақ ішіндегі Нұркен мен оның қанды көйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақтық рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті.

Осынау теңдесі жок, ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ - Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.

Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды еңбеккерлері, олардың ішінде кеншілер, Нұркен Әбдіров атындағы ұшаққа қаржы жиып, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды.

Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандының қақ ортасында батыр Нұркен бейнесі мәңгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Кеншілер астанасының әсем спорт сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр-хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды.

Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бәйбіше Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М.А. Шолохов Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз.

Қарапайым қазақ баласы Нұркен Әбдірұлының өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай, әлемге шұғыла шашып тұр.

Асфандьяров Закир Лутфрахманович

Асфандьяров Закир Лутфрахманович 1918 жылы Башқұрт AKCP-інің Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. Ұлты - татар. 1939 жылы ол Омбы эскери училищесінің курсанты болды. Одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде артиллерия командирі ретінде алғы шепте болды.

КСРО Жоғаргы Keңeci Төралқасының 1944 жылы шілдедегі Жарлығы бойынша Закир Лутфрахмановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Зеңбірек расчетының командирі З.А. Асфандьяров өзінің жауынгерлік жолын Москва үшін шайқаста, Тихвин қаласы түбінде бастады. Жауға Курск түбінде, Днепр бойында соққы беріп, Винница, Львов қалаларын жаудан босатуға қатысты және Висла мен Одерден өтіп, соғысты Берлинде аяқтады.

Сержант Закир Лутфрахманович командир болған танкке қарсы зеңбірек расчеты соғыс кезінде фашистердің ондаған танкісін, машиналарын, зеңбіректерін, пулеметтерін және көптеген солдаттары мен офицерлерін жойды. Төрт күн ішінде, яғни, 1943 жылғы 5-9 шілде аралығында оның расчеты Курск шайқасында жаудың тоғыз танкісін жайратып, көптеген жауынгерлерін кырды. Осы ұрыстағы ерлігі мен жоғары жауынгерлік шеберлігі үшін ол Қызыл Ту орденімен наградталды. Закир Лутфрахманович, әсіресе Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.

Жау 1944 жылы 25 қаңтарда Винница облысының "1 май" совхозы жерінде қарсы шабуылға шықты. Жаудың жаяу әскерін көптеген самолеттер мен танктер сүйемелдеді. Асфандьяровтың расчеты жаудың танктеріне тайсалмай қарсы соғысты. Расчет жаудың 10 танкісін және көптеген солдаттарын жойып, олардың шабуылын тойтарды.

Міне, осы ерлігі үшін Закир Лутфрахмановичке Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

Львовты азат ету барысында шеберлік пен ержүректік көрсеткені үшін ол I дәрежелі Отан соғысы орденімен, Берлинді алуда Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды. Асфандьяров Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, "Варшаваны азат еткені үшін" медалімен, польшалық "Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін" медалімен наградталды.

Кеңес Армиясы қатарынан батарея старшинасы болып оралды. Соғыстан кейін көп уақыт Балқашта түрып, Шығыс Қоңырат руднигінің 6 шахтасында тіреуші, ауысым мастері, ауысым бастығы болып істеді.

1977 жылы 4 қаңтарда қайтыс болды.

Байзақов Ботай

Ботай Байзақов 1922 жылғы 23 ақпанда Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданының Энгельс атындағы шаруашылығы аумағында, шаруа отбасында дүниеге келген.

Ботай Қарағанды қаласындағы Жамбыл орта мектебінде оқып, бес сыныптық білім алады. Еңбек жолын Шет ауданының "Нұраталды" совхозында жұмыскер болып бастайды.

1942 жылдың 25 маусымында Шет ауданының әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылады. Осы күннен бастап Ботай үшін әскери өмір басталады.

Б.Байзақов алғашқы соғыс қимылдарына барлаушы ретінде Москваның оңтүстік батысындағы аудандарда қатысады. 286-ші атқыштар дивизиясының 860-ші полкінде пулеметші, бронь талқандаушы (РПТР бағыттаушысы) және атқыштар бөлімінін, командирі болады.

Ботай соғыста батырлық пен батылдық танытып, қандай тапсырма болмасын жанқиярлықпен орындап, көзге түсті.

Белорус майданында, Друть өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, ал 220 биіктік үшін болған соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыстағы ерліктері үшін ол "Қызыл Жұлдыз" орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Сұрапыл соғыс уақытында Б. Байзақовқа III дәрежелі Даңқ ордені екі мәртебе берілген. Негізінде, Даңқ орденінің статусы бойынша ең алдымен үшінші, екінші, соңында бірінші дәрежелі орден тапсырылуы керек еді. Бұл қателік 39 жылдан соң түзетіліп, Ботай Байзақовқа 1984 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша I дәрежелі Даңқ ордені табыс етілді. Ол орден Германия жеріндегі танктерді жойғаны үшін берілді. Осылайша Б.Байзақов Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Қаһарман жауынгер 1946 жылы әскер қатарынан босаған соң еліне, "Нұраталды" шаруашылығына оралып, өмірінің ақырына дейін осында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

Батыр қрметіне Нұраталды ауылында бір көше Ботай Байзақов көшесі деп аталған.

Б. Байзақов 1995 жылдың 22 тамызында қайтыс болды. Нұраталды ауылдық округінде, Шона селосында жерленген.

Федор Антонович Белов

Федор Антонович Белов 1910 жылы Орынбор облысы Сакмар ауданының Белов хуторында шаруа отбасында туған.

1931 жылы Федор Белов Қарағанды облысының Осакаров станциясына келіп, Қарағанды-Балқаш темір жолының құрылысында жұмыс істеді, жол қараушы, бригадир болды. 1942 жылы ол армия қатарына шақырылды,

Бронебойшы Белов әуеліде Волхов маңындағы жергілікті маңыздағы ұсақ ұрыстарда көрінген еді. Тек 1944 жылдың маусымында ғана 382-ші атқыштар дивизиясының құрамында Карель мойнағындағы фин бекінісіне шабуыл жасау барысындағы жойқын шайқастарға қатысты.

Выборг қаласы үшін болған ұрыстар барысында сержант Беловтың бөлімшесі қоршаушы топ сапында жанқиярлықпен соғысты. Осы ұрыстар үшін оған "Ерлігі үшін" медалі берілді. Ол сол жолы жарақат алды.

Жазылып шыққаннан кейін Федор Антонович тағы да майданға араласты, бірақ бұл жолы басқа бөлімде - 120-ші Гатчинск атқыштар дивизиясының 289-ші атқыштар полкі құрамында. Дивизия бұл кезде Нарва плацдармында ауыр ұрыстар жүргізіп жатқан еді. Федор Белов басқаратын бөлімше танкіге қарсы қолданылатын қаруларды ұтымды пайдалана отырып, жаяу әскердің алға жылжуын қамтамасыз етті. Осы ерлігі үшін ол III дәрежелі Даңқ орденімен наградталды.

1945 жылғы қаңтардың аяғында 120-ші Гатчинск дивизиясы Одер бағытында кескілескен ұрыстар жүргізді. Фашист басқыншылары плацдармның көзін жою үшін бар-күш жігерлерін жұмсап бақты. Қаһарман кеңес жауынгерлерінің күніне жеті-он жау шабуылын тойтарған кездері болды.

1945 жылғы 27 қаңтарда Одерфельде деревнясы маңында гитлершілер төрт ауыр танкінің қолдауымен біздің шептерімізге тұтқиылдан шабуыл жасады, Құрамында Федор Белов бар танкіге қарсы қарулар взводы жаяу әскерлер құрамында болатын. Взвод командирі жау танкілерін жақындатып алып, дәлдеп үруға бүйрық етті. Танкілер шепке екі жүз метр шамасы қалғанда аға сержант Белов бірінші болып оқ жаудырды. Бірнеше оқпен ол бастапқы машинаны отқа ораған еді. Дегенмен қалған екі құрсаулы "құдірет" ауыр оқтарды бұршақтай жаудырды. Бірақ бағыттаушы Павлов үшінші танкті ебін тауып істен шығарған соң, соңғы, тоғайда жасырынып тұрған танк өз-өзінен шегініп кетті. Жағдай бірден жеңілдеп қалды. Жаяу әскерге көмектесу үшін взвод мүшелері қолдарына винтовка мен автомат алды. Ортақ күшпен жау шабуылы тойтарылды. Ал осыдан бірнеше апта өткен соң, дивизия командирі, генерал-майор Говоров аға сержант Ф.Беловқа II дәрежелі Даңқ орденін өз қолынан тапсырды.

1945 жылғы 24 наурызда Александр Невский орденді 289-атқыштар полкі Нейсе қаласына қарай бағыт түзеді. Немістер кеңес әскерлерінің алға жылжуын қалайда тоқтату мақсатында өздігінен жұретін машиналардың қолдауымен қарсы шабуылға шықты. Аға сержант Белов машиналардың қозғалысын өз секторында муқият бақылап отыр еді. Қыбын тауып қатты соққы берді. Бір машина 180 градусқа кейін бұрылып, тоқтап қалды. Федор Антонович машинаның шынжыр табанына дөп тигенін түсінді, келесі соққымен оны отқа орады. Басқа расчеттар да барынша дәл қимыл жасады. гитлершілердің шабуылы тоқырап қалды.

Федор Белов Оппельн қаласының оңтүстік-батысында, Нейштадт, Шпейнау, Фалькенберг және басқа қалалар үшін болған ұрыстарда да жанқиярлық ерлік пен батырлықтың үлгісін танытты.

Соғыстың соңғы кезеңіндегі жауынгерлік тапсырыстар-ды ойдағыдай орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 27 маусымдағы Жарлығымен Федор Антонович Белов I дәрежелі Даңқ орденімен наградталды.

Бірақ соғыстан кейін Ф.А. Белов қызмет еткен бөлім таратылып, жалынды жауынгер наградасын алып үлгермей әскер қатарынан босатылды. Ол тіпті жоғары награда алғаны туралы білген де жоқ.

Қаһарман солдатқа сол Алтын орден Кеңес Қарулы Күштерінің 51 жылдығы қарсаңында, осы айтулы датаға арналған салтанатты жиналыста тапсырылды.

Федор Антонович Белов үзақ жылдар Шет ауданының Жарық станциясында тұрды. Қазірде Қазақстаннан тысқары жерге қоныс аударған.

Бреусов Владимир Ефимович

Қаһарлы 1942 жыл, қанды шайқастар кезі. Жау еліміздің төріне үмтылып, қолқасына қол салды. Дәл осы тұста фабрик-зауыт мектебін жаңа бітіріп, Қарағандыға келген алматылық Володя Бреусов 50-52 санды шахтада тіреуші болып істеп жүрген. Алайда жас кенші Отан тағдыры таразыға түскен майдан жайын көбірек ойлап, алаңдай берді. Сөйтіп, 1943 жылдың басында Қарағанды комсомолының түлегі Володя өз еркімен майданға аттанды.

1943 жылдың тамыз айы. Харьковті азат етуге үмтылған әскерлеріміз урысты үдете түсті. Жерлесіміз Владимир Бреусов аға лейтенант Петришевтің қарауындағы 16 жауынгердің бірі еді. Олар Полевое ауылы түбіндегі жау бекінген шоқыны басып алып, ұрыс салды.

Құралайды көзінен атқан мерген Володя Бреусовтың пулеметінен атылған оқтар жауды қрақша жайпады. Сол күні жаудың от шашқан бес ңғысының көмейіне құм құйып, Бреусов жау окопына да жетті.