Андрей Григорьевич Банников (1915–1985) — совет және Ресей биологі.
Мәскеу қаласында туған. Табиғатты қорғау саласының білікті маманы, профессор, герпетолог, териолог, орнитолог, эколог және қоғам қайраткері. 1935–1939 жылдары МҰУ биология факультетінде оқыған.
1941 жылы ерікті түрде соғысқа қатысқан. 25 жыл бойы К.И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясының зоология және табиғатты қорғау кафедрасын басқарған. 400-ге жуық еңбектің, соның ішінде 30 кітаптың авторы.
Мыңдаған жас маман мен 30 доктор және ғылым кандидаттарын даярлаған.
Жазған кітаптары «Моңғол Халық Республикасының сүтқоректілері», «Сайғақ биологиясы», «Экология негіздері» т.б.
Дереккөздер
Санат:Ресей биологтары Санат:Совет кандидаттары