Вин Дизель (, шын аты: Марк Синклер Винсент — ; 18 шілде 1967 жыл) – америка актері, сценарийші, режиссер және продюссер.

One Race Films және Racetrack Records продюссерлік компанияларының негізін қалаған. 2002 жылы «Форсаж» фильміндегі Доминик Торетто рөлі үшін «MTV» каналының сыйлығына ие болған.

Ең алғаш экранға Пенни Маршаллдың «Пробуждение» фильміндегі эпизодтық рөлмен шыққан. Алайда кино әлеміне оның жолын «Бродяги» лентасындағы рөлі ашқан. Осыдан кейін оны Стивен Спилберг байқап қалып, «Спасти рядового Райана» фильміне шақырады. 2000 жылы Вин қатысқан бірден үш фильм көрермендерге жол тартады. 2005 жылы экранға «Лысый нянька: Спецзадание» отбасылық комедиясы шығады. Бұл фильмде Вин өзін басқа қырынан көрсеткен. Отбасында Пол атты сыңары бар.

Түскен фильмдері «Түрлі» (1999) «Ұрғыштар» (2001) «Хроники Риддика: Тёмная ярость» (2004) «Ганнибал» (2011) «Форсаж»(2001-2015) «Лысый няня»(2005)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Официальный сайт