Гвинея-Бисау (), ресми атауы — Гвинея-Бисау Республикасы ( ) — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Сенегалмен және Гвинеямен шектеседі. Аралдык Гвинеясының құрамында Бижагос аралдары кіреді.
Жер аумағы — 36,1 мың шаршы километр. Халқы — 2.08 миллион адам (2023 жылғы шағымдау). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланте, фула, манджак, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Бисау қаласы. Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы.
2025 жылғы қарашадағы әскери төңкерістен бері елге Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі Жоғары әскери қолбасшылық басшылық етеді.
Климаты Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ болып келеді. Климаты экваторлық-муссондық. Жазы жаңбырлы, қараша айындағы орташа температура 24°C, ал шілде айында 26°C. Мәңгі жасыл ормандар мен саванналарда жан-жануарлар мен өсімдіктердің өте көп түрлері кездеседі, аса құнды ағаштар да бар.
Тарихы Ежелгі тарихы әлі көп зерттелмеген. IX–XV ғасырлар аралығында Гана, Мали мемлекеттеріне бағынған. 1446 жылдан бастап елге португал отаршылары келе бастады. Олар біртіндеп қамалдар мен сауда орындарын ашып, құл саудасымен айналысты. XVII–XX ғасырларда жергілікті халық дүркін-дүркін көтеріліс жасап, отаршыларға қатты қарсылық көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс қайтадан күшейді. Үкімет 1951 жылы елге «теңіздің арғы бетіндегі провинция» статусын берді. Бірақ азаттық қозғалысы басылу орнына одан әрі өрши түсті. 1963 жылы елде қарулы көтеріліс басталып, кейіннен партизан қозғалысы өрістеді. 1973 жылғы 24 қыркүйекте Гвения-Биссау тәуелсіздігі жарияланды. Келесі жылы Португалия өз әскерлерін елден алып кетуге мәжбүр болды. Банкілер, ірі компаниялар, сыртқы сауда, табиғи қорлар мемлекет меншігіне алынды. Жұмыссыздықтың көбеюі, азық-түліктің жетіспеушілігі салдарынан 1980 жылы әскери төңкеріс орын алды. Қазір елге біртіндеп шет ел капиталы қайтадан ене бастады. Гвинея-Биссау артта қалған елдер қатарына жатады. Бір адамға шаққанда жалпы ұлттық өнім 300 долларға жетер-жетпес. Халықтың 80%-і ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Негізінен, дәнді дақылдар өсіріледі. Өнеркәсіпте, негізінен, ұсақ кәсіпорындар, соңғы кезде балық аулау жақсы дамып келеді. Экономикасының 90%-ке жуығын шетелдіктер қаржыландырады. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, Испания, Франция, Швеция, АҚШ пен Сенегал.
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері