Ни́колас Кейдж ( шын аты Николас Ким Коппола (); 7 қаңтар 1964 жыл, Лонг-Бич, Калифорния, АҚШ) — американдық актері, продюссер, режиссер.
«Оскар сыйлығы» сыйлығының иегері. Кино мансабын 1980 жылдары бастаған. Алғашқы фильмдерінің бірі – «Лучшие времена». Оның түскен фильмдерінің көбісі көпшілікке кеңінен танымал болған. Бір жылдары қаржы жағынан қиындықтар көрген Кейдж өзінің бірнеше үйін және орта ғасырдағы Найдштайн қамалын сатып жіберуге мәжбүр болған. Кейдж үш рет үйленген. Бірінші рет Патриция Аркетпен, екінші рет Элвис Преслидің қызы Лиза Мария Преслимен некеге отырған. Қазіргі жұбайы қарапайым даяшы, корей ұлтының өкілі – Эллис Ким.
Фильмдері «Құс» (1984) «Пегги Сью тұрмысқа шықты» (1986) «Көктегі адам» (1986) «Аризонаны тәрбиелеу (1987) «Ай билігі» (1987) «Өлтіретін уақыт (1990) «От құстары» (1990) «Зандали» (1991) Қызыл жартастан батысқа (1992) «Эмос пен Эндрю» (1993) «Жұмақта ұсталды» (1994) «Поцелуй смерти» (1995) «Жылан көздері» (1998) «Періштелер қаласы» (1998) «Өлгендерді тірілту» (1999) «8 миллиметр» (1999) «Капитан Кореллидің таңдауы» (2001) «Рождество ертегісі» (2001) «Егіз мұнаралар» (2006) «Грайндхаус» (2007) «Қауіпті Бангкок» (2008) «Көріпкелдік» (2009) «Дарвин миссиясы» (2009) «Астробой» (2009) «Пипец» (2010) «Злоумышленники» (2011) «Медальон» (2012) «Крудстар отбасы» (2013) «Джо» (2013) «Мұзды жер» (2013) «Сенім» (2016) «Сноуден» (2016) «Крейсер» (2016) «Кек: махаббат хикаясы» (2017) «Ана мен әке» (2017) «Әлемдердің арасында» (2018) «Мэнди» (2018) «Айна» (2018) «Шошқа» (2021) «Батчерс Кроссинг» (2022)
Дереккөздер
Санат:АҚШ актерлері Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері