Дьёрдь Далош (23 қыркүйек 1943 жыл, Будапешт) – венгер және неміс тілдерінде жазатын венгер жазушысы.

1962-1967 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінде тарих факультетінде білім алады. 1964 жылы Венгер социалистік жұмысшылар партиясының мүшелігіне сайланады. Сол жылы тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шығады. 1965 жылы Венгер жазушылар одағына қабылданады.

1995-1999 жылдары Берлиндегі «Венгер Үйінің» басқарушысы болады. Саксон өнер академиясының мүшесі.

Қазіргі уақытта Берлинде тұрады және сонда «FREITAG» атты газетте жұмыс істейді. Англия, Франция, Дания, Швеция, Жапония, Түркия, Португалия, Ресей, Австралия, Израиль, АҚШ және Голландия елдерінде кітаптары басылып шығады және сол елдердің тілдеріне аударылады.

Оның атақты шығармалары: «1985» атты романы (1983, орысша аудармасы 1991) және Джордж Оруэллдің романының жалғасы «1984».

Дереккөздер

Санат:23 қыркүйекте туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Будапештте туғандар Санат:ГФР алдындағы қызметі үшін орденінің офицерлері Санат:Мажарстан жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Неміс жазушылары Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультеті түлектері Санат:Көптілді жазушылар Санат:Мажарстан коммунистері Санат:Маошылдар Санат:Мажарстан диссиденттері Санат:Саксон өнер академиясы мүшелері